RU
Жеке ұшағымен апатқа ұшыраған футболшының денесі табылды
Жаңалықтар Спорт

Жеке ұшағымен апатқа ұшыраған футболшының денесі табылды

Рассказать Вконтакте

Ла-Манш бұғазында апатқа ұшыраған ұшақ сынықтарының арасынан футболшы Эмилиано Саланың денесі табылды. Бұл туралы eurosport.ru-ға сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

7 ақпан күні құтқарушылар су түбінен адамның денесін шығарған.

Дорсет графтығының полициясы мәйіттің Эмилиано Сала екенін растады.

63 метр тереңде жатқан футболшының денесі 4 ақпан күні табылған.

Бірақ судан 7 ақпанда ғана шығарып алуға мүмкін болыпты.

Еске сала кетсек, 21 қаңтар күні Сала "Нант" клубындағы бұрынғы серіктестерімен қоштасып, жеке ұшағымен Уэльске жол тартқан.

Алайда, қонуға бір сағат қалғанда спортшының әуе лайнері радардан жоғалып кеткен. Оны іздеуге бірнеше құтқару корабльдері мен екі тікұшақ жіберілді.

Кейінірек ұшақтың апат болғаны хабарланып, футболшының заттары теңіз бетінен табылған болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
0
8
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel