Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлықпан Жолдасов әншілердің "Барахолкадан" киінуге ұялатынын айтты

Опубликовано:

Елімізге танымал композитор Ұлықпан Жолдасов бір концертке 20 млн теңге керектігін жайып салды. Әнші өз әріптестерінің тойларда неліктен көп гонорар сұрайтынын түсіндірді деп жазады rgmedia.kz.

Ұлықпан Жолдасов. Фото: gakku.kz
Ұлықпан Жолдасов. Фото: gakku.kz: Instagram

Композитордың айтуынша, ол 2008 жылы 25 мың долларға клип түсірген.

"Біз 2008 жылы "Жарығым-ай" әнінің бейнебаянын 25 мың долларға түсірдік. Оны елге көрсету үшін телеарналардан айналдыруға 15 мың доллар бердік. 7,5 мың доллар костюм тіктіруге кетті.  Әсіресе қыз-келіншектер көп шығынданады.

Елдің алдында жүрген соң сәнді киіну керек. Мысалы "Қазақстан" Ұлттық арнасына түскен киіммен "Хабарға" барса  жұрт жағдайы жоқ екен деп ойлауы мүмкін. Оған басқасын киіп барады. Әншілер "Барахолка" базарынан киінуге ұялып, бренд дүкендерден алады.

Әртіс көшеде кетіп бара жатқандар сияқты киінсе ұят болады. Әнді 1000-2000 долларға сатып алып, 1000 долларға өңдейді. Дауысын бір тұста бәсеңдетіп, бір тұста күшейту үшін бас-аяғын жинақтауға тағы осынша қаржы береді. Ақын, сазгермен де бағасына келіседі. Тегін жатқан дүние жоқ", - дейді Ұлықпан Жолдасов.

Сондай-ақ, ол көптеген әншінің көлігі болғанымен, баспанасы жоқ екенін алға тартты.

"Жас әншілердің көпшілігі өзінше қоқиып мықты көліктер мініп жүргенмен, баспаналары жоқ. Біразын білемін. Бір концертке қанша ақша кететінін білесіз бе?

Республика сарайын бір кешке, бос залды жалға алуға 3,5- 4,5 млн теңге береді. Соңғы кезде 5-6 миллионға дейін бағасы көтерілгенін естиміз.

Музыкалық құралдарды жалға алады. Сахнаны безендіруге, үлкейтіп көрсететін экранға, қысқасы тек сахнаның өзіне 10 млн теңгеге шығынданады.

Бишілері бар, жанды дауыста ән салу үшін музыканттарға 2 млн теңге кетеді. Міне бір концерт үшін кемі 20 миллион ақша керек.

Тойдан - тойға шығып жинағаны концерт бергенде жоқ болады. Кейбіреулері қарызданып қалады.

Жағдайлары нашар тұрады демеймін. Бірақ осынша шығынын білсе, көпшілік оларды ақшаға құныққан дей алмас еді", - деді Ұлықпан Жолдасов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/1777588-lykpan-zoldasov-nsilerdi-baraholkadan-kiinuge-alatynyn-ajtty/

pixel