RU
Шымкентте қайтыс болған танымал хирургтің өз-өзіне қол салғаны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Шымкентте қайтыс болған танымал хирургтің өз-өзіне қол салғаны анықталды

Рассказать Вконтакте

Шымкенттегі белгілі хирург, медицина ғылымдарының докторы Мади Биғалиев 63 жасқа келгенде өмірден озды. Кәсіби тәжірибесінде он мыңдаған ота жасаған дәрігердің өз-өзіне қол салғаны белгілі болды. Бұл ақпаратты Шымкент қалалық полиция департаментіндегілер растады деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі

Фото: titus.kz

Фото: titus.kz

"Медицина қызметкерлерінен 102 қызметіне хабарлама 15 сағат 05 минутта келіп түсті. Полицейлер 15 сағат 13 минутта оқиға орнына жетті.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 105 бабы (өзіне-өзі қол жұмсауға дейін жеткізу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сотқа дейінгі тергеу деректері заңға сәйкес жария етілмейді", - деді полиция департаментінің баспасөз қызметі.

"Біз үшін орны толмас қайғы. Мәди Ходжаұлы өңіріміздің медицина саласы үшін зор үлес қосты. Бүкіл Қазақстан ғана емес, мықты xирургтың біліктілігін естіген шетелдік науқастар да шекара асып, Шымкентке арнайы келіп ем қабылдаған. Мәди Бегалиев отандық медицина саласының мақтанышы болды", - деді Шымкент қалалық денсаулық сақтау басқармасының қызметкерлері.

Айта кетерлігі, марқұм болған дәрігер ғұмырының 40 жылын медицина саласына арнап, талай жанның өмірін сақтап қалған білікті маман болатын.

Сіздің реакцияңыз
1
0
1
25
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel