RU
Бағым Мұхитденова мен Мөлдір Әуелбекованың татуласқаны рас па?
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Бағым Мұхитденова мен Мөлдір Әуелбекованың татуласқаны рас па?

Рассказать Вконтакте

Бағым Мұхитденова шәкірті Мөлдір Әуелбековамен татуласқанын мәлім етті. Бұл жайында продюсердің өзі "НТК" арнасындағы "Ревю" бағдарламасында айтып берді деп жазады NUR.KZ.

Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Фото: Әуелбекова, Бағым Мұхитденованың жеке парақшасынан. Коллаж: NUR.KZ

Мөлдір Әуелбекованың өзі екі ұстазы Баян мен Бағым ханымдардан кешірім сұрағанын жариялаған болатын. Алайда екі продюсер де әншінің жеке кешіне келмегеніні естігендер көкейдегі күмәнін жасырмаған.

Бағым Мұхитденова өзі елді алаңдатқан сауалға жауап берді.

"Мөлдір жеке концертіне Баян Мақсатқызын және мені екі рет шақырды. Өкінішке орай бара алмадық. Біздің дәл сол күнге жоспарымыз құрылған. 1-ші желтоқсанда Алматыда "Жыл таңдауы" марапаты өтті. Маған сол жоба аясында жүктелген жұмыстар бар болды", - дейді Бағым Мұхитденова.

Ұстаздары жеке кешіне келмеген Әуелбекова оларды екінші рет "Құрмет" орденін алғанда шақырған. Алайда әншінің жайған ақ дастарханына да продюсер бара алмаған.

"Екінші рет те өкінішке орай сәті түспеді. Бірден бара алмайтынымды айттым. Өйткені сол күні мен докторлық диссертациямды қорғадым. Шет елден арнайы комиссия келді", - деген Бағым Мұхитденова шәкіртімен татуласқанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Әуелбекованың әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
3
0
0
1
0
3
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel