Выйти
RU

Маңғыстауда "Шрек" атымен танылған қылмыскер түрмеден қашып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Маңғыстау облысында орналасқан ГМ-172/8 колониясынан Мереке Бердиев есімді қылмыскер қашып кеткен. Қазір ол іздестірілуде деп хабарлайды inaktau.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Мереке Бердиев, фото: ИнАктау

Мереке Бердиев, фото: ИнАктау

Колония басшысы Ғабит Чутабековтың ақпараты бойынша, сотталушы Мереке Бердиев 4 ақпан күні кешкі сағат 7 шамасында шығып, қайта оралмапты.

Оның айтуынша, 1989 жылы туған азамат ең төменгі қауіпсіздік мекемесі GM-172/8 колониясына ауыстырылған.

"Мереке Бердиевке Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінің 191 бабы 1 тармағымен "Тонау" бойынша іс қозғалып, Ақтау қалалық сотының үкімімен қамалған.
Ол төрт жылға бас бостандығынан айырылып, қатаң режимдегі қылмыстық колонияда жазасын өтеп жатқан", - деді Ғабит Чутабеков.

Ол қылмыскердің Баутино, Жаңаөзен, Бейнеу және Форт-Шевченкода жасырынуы ықтимал екендігін айтты.

"Сотталушы көк спорттық киім, GGG атты жазуы бар бейсболка, қаңыр күртке және қара түсті спорттық аяқ киім киіп алған. Ол мығым денелі, аздап бүкір.

Бойының ұзындығы 168-175 см құрайды. Көзі қоңыр, құлағы сынған. Қылмыстық ортада "Шрек" лақап атымен танымал. Алкагольге тәуелділігі бар. Ашуға тез бой алдырады", - деді колония басшысы.

Қылмыскерді көрген-білгендерден 102, 54-45-74, +7 (700) 022-03-86, +7 (702) 627-28-22 нөмірлеріне хабарласуды сұрайды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Маңғыстауда "Шрек" атымен танылған қылмыскер түрмеден қашып кетті