Выйти
RU

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаев бүгін, 8 ақпан күні, Қазақстан Республикасының бірнеше заңына қол қойды деп хабарлайды Ақордаға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды

Нұрсұлтан Назарбаев. Фото/архив: Ақорда

Елбасы алдымен «Каспий теңізінің құқықтық мәртебесі туралы конвенцияны ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойды.

Сонымен қатар, «Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығына қатысушы мемлекеттердің терроризмге және экстремизмнің өзге де зорлық-зомбылық көріністеріне қарсы күресті жүзеге асыратын құзыретті органдарды материалдық-техникалық қамтамасыз етудегі ынтымақтастығы туралы келісімді ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына қол қойылды.

Мемлекет басшысы «2014 жылғы 29 мамырдағы Еуразиялық экономикалық одақ туралы шартқа өзгеріс енгізу туралы хаттаманы ратификациялау туралы» Қазақстан Республикасының заңына да қол қойды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Нұрсұлтан Назарбаев бірнеше заңға қол қойды