Выйти
RU

Байқоңыр мен Мәскеу арасына қатынайтын ұшақ тоқтатылды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Байқоңыр ғарыш айлағы мен Мәскеу арасында қызмет көрсететін «Алроса»  компаниясынының ұшақтары әуе тасымалын тоқтатты деп жазады Sn.kz.

кккка

Фото: ru.wikipedia.org

Ресейлік әуе компаниясы 2018 жылдың соңынан бастап жолаушы тасымалдап келген.

Қызылорда облысындағы Байқоңыр қаласынан бес шақырым жердегі Крайний әуежайы 2019 жылдан бері тұрақты емес рейстерді ғана қабылдайды. Олар Байқоңырға ғарыш саласы мамандарын, ғарышкерлер мен құрал-жабдықтар жеткізеді екен.

Айта кетерлігі, аталмыш әуежай Ресей 2050 жылға дейін Қазақстаннан жылына 115 миллион доллар төлеп жалға алып отырған Байқоңыр ғарыш кешені құрамына кіреді.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Байқоңыр мен Мәскеу арасына қатынайтын ұшақ тоқтатылды