Выйти
RU

Жамбылда 55 жастағы азамат әйелі мен ұлын бауыздап өлтірді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жамбылда отыз жыл отасқан жұбайы мен 29 жастағы ұлын бауыздап өлтірген ер адамға қатысты сот үкімі шықты. 55 жастағы қылмыскердің психикасында ауытқуы бары анықталып, ол жазадан құтылып кеткен деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:lastday.club

Фото:lastday.club

"Сараптамада  оның есі дұрыс еместігі анықталды. Оны сот қылмыстық жауапкершіліктен босатып, аталған қылмыстық істі қысқартты. Және ҚК 93-бабының талаптарына сәкес аталған тұлғаны медициналық мәжбүрлі түрдегі шараны қолдану туралы қаулы етті", - дейді судья Ләззат Ілиясова.

Айта кетейік, сотталған азамат ұзақ жылдан бері эпилепсиямен ауырған. Уақытылы емделмегесін оның сырқаты асқынып, жүйкесі тозған.

Дәрігерлерге қаралмаудың соңы қайғылы жағдаймен аяқталды.

Ал қанды оқиға былтыр қыркүйек айында болған. 55 жастағы Байзақ ауданының тұрғыны 30 жыл отасқан әйелі мен 29-дағы баласын бауыздап тастаған.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Жамбылда 55 жастағы азамат әйелі мен ұлын бауыздап өлтірді