RU
Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды
Жаңалықтар Спорт

Юлия Галышева фристайл-могулдан әлем чемпионы атанды

Рассказать Вконтакте

Американың Парк-Сити қаласындағы әлем чемпионатында могулдан әйелдер арасындағы чемпион анықталды. Қазақстандық Юлия Галышева әлем чемпионы атанды деп хабарлайды Olympic.kz. 

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Фото: Sputnik / Рамиль Ситдиков

Бұл Юлияның әлем чемпионатындағы алғашқы жеңісі. Финалда біздің спортшы 79.14 ұпай жинап, қарсыластарына шаң қаптырды. 

Күміс жүлде австралиялық Энтони Джакараның еншісінде (78.99 ұпай). Олимпиада чемпионы Перрин Лаффон 78.70 ұпаймен қола жүлде иегері атанды.

Ерлер арасында жерлесіміз Павел Колмаков финалдық кезеңге өткен болатын. Алайда, үздік алтылыққа ене алмай, әлемдік сынды 16-шы орынмен аяқтады. 

Ал Аяулым Әмренова, Александр Геберт және Сергей Романовтар іріктеуден өткен жоқ.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
33
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel