Выйти
RU

Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел елге жеткізілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанның Бас прокуратурасы және ішкі істер министрлігінің қызметкерлері Доминикан Республикасынан қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін Марина Орумбаеваны (Невская) экстрадициялады деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Anar Mustafayev

Фото: Sputnik / Anar Mustafayev

Бас прокуратура баспасөз қызметінің мәліметінше, Марина Орумбаеваны Шығыс Қазақстан облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі іздеген. Оған 9 миллион теңгеге жуық сомаға мемлекетке залал келтіре отырып, сеніп тапсырылған мүлікті талан-таражға салды деген айып тағылған.

Орумбаева қылмыстық қудалау органынан жасырынған және халықаралық іздеуде болған.

Қазақстан мен Доминикан Республикасы арасында ұстап беру туралы екіжақты келісімнің болмауына қарамастан, Бас прокуратураның сұрауын шетел билігі қанағаттандырды. 

Қазіргі уақытта Орумбаева Астана қаласының тергеу изоляторында отыр. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Халықаралық іздеуде жүрген қазақстандық әйел елге жеткізілді