RU
Ақтөбеде студенттерге қарағанда оқушылардың көп қылмыс жасайтыны анықталды
Жаңалықтар Қоғам

Ақтөбеде студенттерге қарағанда оқушылардың көп қылмыс жасайтыны анықталды

Рассказать Вконтакте

Өткен жылы Ақтөбе облысында 703 жасөспірім кәмелет жасқа толмағандардың істері жөніндегі инпектордың есебіне алынды. Қазір Байғанин, Ырғыз, Темір, Шалқар аудандары мен Ақтөбе қаласында қылмыс өсіп тұр деп хабарлайды Aktobenews.kz.

Фото:newtimes.kz

Фото:newtimes.kz

Ақтөбе облысы бойынша кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылық 8,2 пайызға азайған. Бірақ адам өлтіру, адам өлтіруге оқталу, денсаулыққа ауыр зиян келтіру секілді ауыр, аса ауыр қылмыс артты. Қылмыстық жауапкершілікке тартылғандардың басым бөлігі оқушылар.

"Білім беру ұйымдарына алып кіруге болмайтын заттар тізімі, білім алушының ережесі дайындалды. Бұл Ақтөбе облысының білім бөлімі мен прокуратура бірлесе атқарылған шара. Барлығы 438 білім беру мекемесіне ішкі тәртіп ережесі енгізілді", - деді Ақтөбе облыстық білім басқармасының басшысы Ләззат Оразбаева.

Мәселен өткен жылы Ақтөбе ауыл шаруашылығы коллледжінде 12, құрылыс-монтаж колледжінде 6, Ақтөбе сервис колледжінде 5, Қазақ гуманитарлық заң колледжінде 5, техника-технология колледжінде 5 студент қылмыстық жазаға тартылды.

"Мектеп директоры, оның орынбасарлары, сынып жетекшісі әрбір баланың үйіндегі жағдайды білуі керек. Ата-анасы туралы да ақпаратты қамтығаны жөн. Сол кезде қылмысқа бармайды. Бала бір күнде барып, біреуге пышақ салмайды.
Яғни, ойында болады. Дайындалады. Оны көрсек де көрмегендей, естімегендей боламыз. Балаларда қатігездік қайдан пайда болды? Осы туралы ойлаған жөн", - деді облыс әкімі. Өңір басшысы тәлім-тәрбие беретін қамқоршылық кеңестің жұмысын жандандыруды тапсырды.
Сіздің реакцияңыз
1
0
0
0
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel