Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қостанайда жоғалып кеткен жігіттің анасы көпшілікке видео-үндеу жолдады

Опубликовано:

20 қаңтар күні жоғалып кеткен қостанайлық Елдос Дүйсеновтің анасы видео-үндеу жолдады. Әйел көпшіліктен көмек сұраған деп жазады облыстық полицияға сілтеме жасаған NUR.KZ.

Елдос Дүйсенов пен анасы. Фото: Видеодан кадр, kstnews.kz
Елдос Дүйсенов пен анасы. Фото: Видеодан кадр, kstnews.kz: UGC

Видеода Елдостың анасы 20 қаңтар күні үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған ұлының хабарласуын сұрады.

Әйел видео арқылы өзінің жұмысқа шықпағанын, кішкентай қарындасының сабаққа бармай күтіп отырғанын айтқан.

Сондай-ақ амалы қалмаған ана баласына бір жағдай болса, көмектесуге дайын екенін де жеткізді.

Айта кетейік, Елдос Дүйсенов өзінің 22 жастағы құрбысымен бірге жоғалған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777724-kostanajda-zogalyp-ketken-zigitti-anasy-kpsilikke-video-ndeu-zoldady/

pixel