Выйти
RU

Алматыда 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Алматыда 24 жастағы жігіт жоғалып кетті. 6 ақпан күні үйінен шығып кеткен Әлихан Қапановты жақындары жанұшыра іздеуде деп хабарлайды newtimes.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото:yk-news.kz

Фото:yk-news.kz

6 ақпан күні Әлихан Қапанов Өтепов және Розыбакиев көшелерінің қиылысындағы үйінен сағат 16:30 шамасында шығып кеткен.

"Қайда кеткені белгісіз. Телефоны да сөндірулі тұр. Үйдің кілтін өзімен бірге алып жүретін. Ал бұл жолы кілтті тастап кеткен", - дейді жігіттің туыстары.

Туыстарының айтуынша, Әлихан қайда кетсе де және кешігіп жатса әруақытта ата-анасына ескертіп отыратын болған.

Қазіргі уақытта жігіттің туыстары полицияға хабар берген.

Айта кетейік, Әлихан жоғалған күні үстіне көк куртка және қара шапка мен джинсы шалбар киген екен.  Бойы 180  см.

Әлиханды көргендер болса, дереу полицияға немесе + 7 701 235 17 19 телефон нөміріне хабарласыңыздар!

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Алматыда 24 жастағы жігіт жұмбақ жағдайда жоғалып кетті