RU
Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып соқты
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда ер адам жедел жәрдем қызметкерін ұрып соқты

Рассказать Вконтакте

Павлодарда баласы ауырып, жедел жәрдем шақырған ер адам мамандарға қол көтерген. Ішімдік ішкен әке тіпті жедел жәрдем көлігінің артынан қуған деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:abctv.kz

Фото:abctv.kz

Фельдшер мен санитардан құралған мамандар бригадасы тиісті мекенжайға жол тартқан.

"Фельдшер баланы тексеріп шықты. Оның дене температурасы көтерілгені анықталды. Жедел респираторлы вирусты инфекция болып шықты. Мамандар сырқат баланы ауруханаға жатқызуды ұсынған. Дегенмен анасы медициналық көмектен бас тартты", - дейді бас дәрігер.

Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Эльмира Темірғалиеваның айтуынша, баланы тексеру кезінде оның әкесі мас болған.

"Қызметкерлер жұмыстарын  аяқтап, сыртқа шыққан сәтте ішімдікке бой алдырған азамат мамандарға қол көтеріп, сорақы мінез танытты. Ұра бастаған. Кейін үйден тағы бірнеше ер азамат шығып, жедел жәрдем қызметінің көлігін қуды. Зардап шеккен мамандар тәртіп сақшыларының көмегіне жүгінді", - дейді Эльмира Темірғалиева.

Айта кетейік, фельдшер мен санитар Павлодар қалалық №1 ауруханасының жарақаттар бөліміне жеткізілді. Екеуінің бас-миы шайқалып, дене жарақаттарын алған. Оларға амбулаторлы ем-дом шаралары тағайындалды. Әзірге жұмыстан босатылды.

Еске салсақ, қазіргі уезде жедел жәрдем станциясы күшейтілген режимде жұмыс істеп жатыр. Күнбе-күн 200-ге жуық маман кезекшілік атқаруда. Сонымен қатар, қосымша топтар құрылды. Дәрігерлерге күн сайын 800-ге жуық шақырту түседі.

Сіздің реакцияңыз
1
1
1
1
1
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel