RU
Оралда үйдің шатыры ұйықтап жатқан тұрғындардың үстіне құлап түсті
Жаңалықтар Қоғам

Оралда үйдің шатыры ұйықтап жатқан тұрғындардың үстіне құлап түсті

Рассказать Вконтакте

Оралда бірнеше пәтерлі үйдің шатыры ұйықтап жатқан тұрғындардың үстіне құлап түсті. Іле-шала оқиға орнына жеткен құтқарушылар ғимараттың ішінде қалу қауіпті екенін айтып, көпшілікті далаға шығарды деп хабарлайды КТК арнасы.

Фото:mgorod.kz

Фото:mgorod.kz

Бұл уақытта тұрғындар үйде болмаған.

Таңға жуық оқыс оқиға орын алған мекеме 1978 жылы тергеу абақтысының қызметкерлеріне арналып салынған. 13 отбасыға арналған жатақханадағы екі пәтердің төбесі ортасына түсті.

Құлаған шатыр тұрғындар мен тиісті орын қызметкерлерін аяқ астынан әбігерге түсірді. "Таңғы бесте болған. Көршілердің кейбірі ояу болған. Сол кезде құлады. Шошып кеттік", - дейді Орал қаласының тұрғыны Жастілек Кеңесов.

Құтқарушылардың айтуынша, енді бұл жер тұрғындар үшін өте қауіпті. Өйткені, қабырғалары қақырап, әрең тұрған баспана кез-келген уақытта қирауы мүмкін көрінеді. Сондықтан, олар пәтер иелеріне құжаттары мен алғашқы кезде керек болады-ау деген заттарды тезірек алып шығуға рұқсат берген.

Ал әкімдік тұрғындарға уақытша тұратын пәтер дайындап үлгеріпті.

"Ешқандай төтенше жағдай болған жоқ. Барлығы аман-сау. Бұл кісілерді қазір пәтерлерге орналастырып жатырмыз. Барлық тұрғындар орналасатын болады. Коммуналдық қызмет таңнан бері жұмыстануда", - дейді Орал қаласының әкімі Марат Мұқаев.

Бірақ әкімдік ұсынған уақытша қонысты түске дейін көріп келген көпшіліктің оған көңілі толмаған. Сондықтан олар түстен кейін ескі жатақтарына қайтып келуге мәжбүр болыпты.

"Берген үйлері бізге ұнамады. Осы үйден де шамалы екен. Енді бас тартып жатырмыз", - дейді Орал қаласының тұрғыны Әсем Бедеева.
Сіздің реакцияңыз
3
1
0
3
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel