RU

Петропавлдық келіншек базардан сатып алған жеңсік асынан ине тауып алған (фото)

Петропавл тұрғыны базардан сатып алған сиыр тілінен иненің сынығын тауып алған. Инъекцияға қолданатын затты өз тамағынан тапқан әйел қорқынышын жасыра алмады деп жазад "Хабар 24" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Хабар 24
Фото: Хабар 24: UGC

Ольга Белякова сол күні ауруханаға барып ауыз қуысын тексеруден өткізген.

Дәрігерлер де әйелдің уайымдайтын жайы бар екенін айтты. Себебі ине сынығы әйелдің ішіне түссе, оны аман алып қалу мүмкін емес екен.

Ауруханадан шыққан Ольга тұтынушылардың құқығын қорғайтын қауымдастыққа барған.

Қазіргі уақытта жергілікті мамандар деликатестің үй жағдайында дайындалғанын анықтаған.

Ал Белякова қажетті құжаттарды жинап, сот көмегіне жүгінбек.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777734-petropavldyk-kelinsek-bazardan-satyp-algan-zesik-asynan-ine-tauyp-algan-foto.html