Выйти
RU

"Суретке түсу үшін барған": Қажылықта жүрген Қайрат Нұртасты жұрт сынап тастады

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қажылықта жүрген Қайрат Нұртас пен оның жанұясын желі оқырмандары сынап тастады деп хабарлайды NUR.KZ.

Бес парыздың бірін орындап Қажылықта жүрген Қайрат Нұртас Instagram парақшасына жұбайы Жұлдыз Әбдікәрімова, ата-анасы Нұртас Айдарбеков пен Гүлзира Айдарбековамен түскен суретін жүктеген.

Мұны көрген желі оқырмандары отандық әнші мен оның жанұясын сынап тастады.

Оларға Айдарбековтер әулетінің қасиетті жерде суретке түскені ұнамай қалған.

"Меккеге барса, жұртқа жар салудың қажеті жоқ", "Қажылыққа суретке түсу үшін бармайды", "Құлжылық жасап жүрген адамдарға ұқсамайсыздар", "Суретке түсу үшін барған" деп теріс пікірлерін білдірген тыңдармандары.

Оқырмандардың басым бөлігі "Ниеттерің қабыл болсын", "Қажылықты бізге де нәсіп етсін" деген тілектерін айтқан.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
"Суретке түсу үшін барған": Қажылықта жүрген Қайрат Нұртасты жұрт сынап тастады