Выйти
RU

Қазақстанда туған неміс қызы нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстанда өмірге келген неміс қызы Кристина Хаммер кәсіби рингтегі кезекті кездесуін жеңіспен аяқтап, WBO және WBC нұсқалары бойынша әлем чемпионы атағын қорғап қалды. Бұл туралы Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Кристина Хаммер, фото: sports.kz

Кристина Хаммер, фото: sports.kz

Кездесу 9 ақпан күні Германияның Берлин қаласында өтті.

8 раундқа есептелген жекпе-жекте Кристина Хамер грузиялық қарсыласы Елена Сикмашвилиді техникалық нокаутпен екінші раундта жеңген.

Бұл Қазақстанда дүниеге келген неміс спортшысының кәсіби рингте өткізген 24 жекпе-жегі болды. Ол барлық кездесуді жеңіспен аяқтаған.

Айта кетейік, Кристина Хаммер 1990 жылы 16 тамызда Қарағанды облысы Новодолинка ауылында өмірге келген.

Ол бала кезінде ата-анасымен Германияға көшіп кетіпті. Қазіргі уақытта Дортмунд қаласында тұрады.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Қазақстанда туған неміс қызы нокаутпен жеңіп, әлем чемпионы атағын қорғап қалды