RU

Алексей Полторанин Альпі кубогында алтын медаль жеңіп алды

Қазақстандық белгілі шаңғышы Алексей Полторанин Словенияның Планица қаласында өткен Альпі кубогында бірінші орын алды. Бұл туралы olympic.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

фото: olympic.kz
фото: olympic.kz: Facebook

Алексей Полторанин классикалық жүріспен 15 шақырым қашықтықта жеңімпаз атанды.

Қазақстандық шаңғышы мәреге 36:3.0 уақытта келген.

Екінші болып жарысты эстониялық Карел Таммъярв аяқтады.

Қола жүлдені Польша спортшысы Доминик Буры иеленді.

Мәре сызығын 70 шаңғышы кесіп өткен.

Айта кетейік, Альпі кубогы FIS старттары сайысының бағдарламасына кіреді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777767-aleksej-poltoranin-alpi-kubogynda-altyn-medal-zeip-aldy.html