RU
Тағы өрт: Астанада төрт бала газдан уланып, ауруханаға жеткізілді
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Тағы өрт: Астанада төрт бала газдан уланып, ауруханаға жеткізілді

Рассказать Вконтакте

Астанада екі қабатты жатақханадан өрт шығып, газдан уланған төрт бала ауруханаға жеткізілді деп хабарлайды ІІМ ТЖК сілтеме жасаған NUR.KZ.

Көрнекі фото: NUR.KZ

Көрнекі фото: NUR.KZ

Төтенше жағдайлар комитенің хабарлауынша, 9 ақпан күні сағат 21:12-де 101 қызметіне Байқоңыр ауданы Ойыл көшесінде орналасқан екі қабатты жатақханадан өрт шыққаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Өрт 10 шаршы метрді қамтыды. Өрт сөндірушілер жалынды 21:52-де өшіріп, сағат 22:16-да толық ауыздықтаған.
Оқиға уақытында 10 адам қауіпсіз жерге көшіріліп, 1 бала құтқарылды", - деп хабарлады комитет өкілдері.

Олардың айтуынша, бір отбасының  иіс тиіп уланған 2006, 2009, 2012 және 2013 жылға төрт баласы ауруханаға жеткізілді.

Бастапқы болжамдар бойынша, өрттің шығуына электр сымдарының тұйықталуы себепші болыпты.

Қызыл жалынды сөндіруге Астана ТЖК жеке құрамының 15 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылған.

Сіздің реакцияңыз
0
8
0
4
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel