RU
Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов Париждегі турнирде күміс жүлдені иеленді
Жаңалықтар Спорт

Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов Париждегі турнирде күміс жүлдені иеленді

Рассказать Вконтакте

Францияның Париж қаласында дзюдодан Grand Slam халықаралық турнирі басталды. Олимпиада жүлдегері Елдос Сметов жарыстың алғашқы күнінде екінші орында алды деп хабарлайды Sports.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ.

Қазақстандық спортшы жартылай финалда моңғолиялық Дашдаваой Амартувшинді жеңген.

Финалдық белдесуде Елдос Сметов жапониялық қарсыласы Такато Ноахиске есе жіберіп алды.

Қазақстандық дзюдошының күміс жүлдесі отандық спортшылардың қоржынындағы екінші медаль болды.

Осыған дейін Галбадрах Отгонцэцэг моңғолиялық Ганбаатар Наранцецегті жеңіп, сайыстың қола жүлдегері атанған.

Айта кетейік, аталған халықаралық жарысқа әлемнің 100 елінен 633 спортшы қатысуда.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
0
8
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel