RU
"Көзіме жас келді": Данэлия Тулешова Америкада әділ-қазыларды аузына қаратты
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

"Көзіме жас келді": Данэлия Тулешова Америкада әділ-қазыларды аузына қаратты

Рассказать Вконтакте

The World's Best шоуына қатысып жатқан қазақстандық жас әнші Данелия Тулешова жеке парақшасына өзінің өнер көрсеткен сәтінен шағын видео ұсынған. Бұл туралы NUR.KZ хабарлайды.

Жас орындаушы Instagram желісіндегі парақшасында америкалық шоудың видеоанонсын жариялаған.

Кадрдан Данелия Тулешованың әділ-қазыларды таңқалдырғанын байқауға болады.

Белгілі актриса және әділ-қазы Дрю Бэрримор өзін ұстай алмай, жылаған.

"Көзіме еріксіз жас келтірдің", - деді ол.

Отандық әнші украиналық "Голос. Дiти" байқауының жартылай финалында орындаған Rise up композициясын шырқаған.

Мұны көрген Данелия Тулешованың тыңдармандары "Қазақстанның атын шығара бер", "өте талантты қыз", "өзіңнің қайталанбас дауысыңмен әлемді бағындыр" деген сынды пікірлерін қалдырған.

Айта кетейік, Данелияның өнер көрсетуінің толық нұсқасын 14 ақпан күні CBS телеарнасынан береді.

Сіздің реакцияңыз
3
1
0
0
1
26
5
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel