Выйти
RU

Атыраудан Амстердамға бағыт алған ұшақ техникалық себептермен Минскте қонды

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

AirAstana компаниясына тиесілі ұшақ Атыраудан Амстредамға бағыт алып, техникалық себептерге байланысты Минскте қонды деп хабарлайды NUR.KZ.

Көрнекі фото: Atameken Business

Көрнекі фото: Atameken Business

Қазақстандық әуекомпания баспасөз қызметінің ақпараты айтуынша, оқиға 10 ақпан күні орын алған.

Компания өкілдері Атырау-Амстердам бағытында KC903 рейсін орындаған ұшақ техникалық себептермен бүгін сағат 11.31-де Минск қаласындағы әуежайға қонуға мәжбүр болғанын айтқан.

"Ұшақ штатты режімде қонды. КС903 рейсі тоқтатылды. Жолаушылар басқа әуе компаниялармен жеткізіледі", - деді әуекомпаниясы. 

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Атыраудан Амстердамға бағыт алған ұшақ техникалық себептермен Минскте қонды