RU

Автобусқа өзі барып соғысқан азаматтың әрекеті жаға ұстатты

Астана қаласында автобусқа өзі барып соғысқан азаматтың әрекеті жаға ұстатты деп хабарлайды NUR.KZ.

Видеодан кадр, astana_zello_01
Видеодан кадр, astana_zello_01: Facebook

Видео Instagram желісіндегі astana_zello_01 тобында жарияланды.

Кадрдан ер азаматтың автобусқа жүгіріп барып соғысқанын байқауға болады.

Мұны көрген желі оқырмандары "ақша үшін не істемейді", "жоспары орындалды", "көлікке видеотіркеуіш міндетті түрде орнату қажет", "адамдарға не көрінген" деген сынды пікірлерін білдірген.

Еске сала кетсек, Алматыда 27 қаңтар күні жолға шығып, көліктің астына түсуге ұмтылған азаматтың түсініксіз әрекеті видеоға жазылып қалған болатын.

Олар көлік жүргізушісі мен көліктің астына түсуге ұмтылған азаматты аудандық ішкі істер бөліміне алып кетіп, күдікті ер адамның үстінен қоғамдық орында ішіп алып жүргені үшін хаттама толтырған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777796-avtobuska-zi-baryp-sogyskan-azamatty-reketi-zaga-statty.html