RU
11 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

11 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін қаржылық мәселелерді шешкен дұрыс. Еңбектеніп, өмірден ләззат ала білсеңіз, міндетті түрде жолыңыз болады. astro7.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ он бірінші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

11 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: obozrevatel.com

1.Тоқты

Бүгін дөрекі, тәрбиесіз адамдармен араласпаңыз. Олар бір-бірімен ұрыса берсін. Онсыз да шаруаларыңыз жетеді, келісімшартқа қол қойып, ұжымдық мәселелерді шешесіз. Ал кешкісін сүйіктіңіз қарым-қатынасыңыздағы мәселені анықтауды жөн көреді, сондықтан дайын болыңыз.

2. Торпақ

Мақсатқа жетудегі құлшынысыңыз таңғалдырады, дегенмен біраз тынығу артық етпейді. Күнді демалысқа, спортпен шұғылдануға арнаңыз. Әріптестеріңізбен жұмыстан тыс жерде кездесіп, біраз шер тарқатыңыз.

3. Егіздер

Бүгін кәсіби біліктілігіңізді әріптестеріңіз ғана емес, жаңа серіктестеріңіз де жоғары бағалайды. Тіпті өте жақсы ұсыныстар түсуі мүмкін. Кешті отбасыңызға арнап, жақсылап демалыңыз.

4. Шаян

Бүгін қаржылық мәселелерді шешетін күн. Бірақ алдымен білікті мамандардың көмегіне жүгініңіз. Түстен кейінгі уақытты құжат рәсімдеуге арнасаңыз, жұмыстарыңыз тез аяқталады.

5. Арыстан

Бүгінгі күн өте қолайлы. Жұмысыңызды тезірек аяқтап, бос уақытыңызды жақындарыңызға арнаңыз. Балаларыңызбен ойнап, егде жастағы туыстарыңыздың қалын сұраңыз. Дастарханға тәтті алуды да ұмытпаған абзал.

6. Бикеш

Бүгін сізді өте ерекше күн күтіп тұр. Себебі әлі тұрмыс құрмаған болсаңыз, екінші жартыңызды табу ықтималдығы жоғары. Сондықтан айнаға қараңыз, бәрі дұрыс болса, серуендеуге шығыңыз. Бәлкім, сүйіктіңіз сізді сыртта күтіп тұрған шығар?

7. Таразы

Бүгінгі күн жұмыс мәселелерін шешуге өте қолайлы. Егер әріптестеріңіз сыйақы жайында естіп дүрлігіп жүрсе, сіздің қалтаңызға ол ақша міндетті түрде түседі. Уақытыңызды маңызды шаруаларды шешуге арнаңыз.

8. Сарышаян

Бүгінгі күн романтикалық кездесулер үшін өте қолайлы. Екінші жартыңызды кездестіру мүмкіндігі жоғары. Шенеуніктермен істеріңіз болса, кездесуге кешікпеуге тырысыңыз.

9. Мерген

Бүгін әріптестеріңіз де, басшылық та пікіріңізге құлақ асуға дайын. Бәлкім, жұмыс саласын өзгерту керек шығар? Түйсігіңізді тыңдаған жөн. Кешке әдемі киіміңізді киіп, көпшілік ортасына шыққан абзал.

10. Тауешкі

Армандауды ұнатасыз, сондықтан бүгін өзіңізге ерік беріңіз. Себебі армандарыңыздың кейбірі орындалуы әбден мүмкін. Бірақ оларды басқаларға айтпаңыз, көз тиіп қалуы мүмкін. Кешке серуендеуді ұмытпаңыз.

11. Суқұйғыш

Бүгінгі күн бірқалыпты өтеді. Бұрынғы танысыңызды жолықтыруыңыз мүмкін. Тіпті араларыңызда сезім пайда болуы да әбден мүмкін. Ал егер ол бұрынғы жігітіңіз болса, бұл жолы жағдай мүлде басқаша болып, соңы сәтті аяқталуы мүмкін.

12. Балықтар

Бүгін біліміңізді көрсететін күн. Достарыңызға бар білетініңізді көрсетіңіз. Кешті шығармашылыққа арнаған жөн.Жақындарыңыз барлық бастамаларыңызды қолдайды.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
0
0
3
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel