Выйти
RU

Головкин IBF чемпиондық атағы үшін өтетін кездесуден бас тартты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Қазақстандық былғары қолғап шебері Геннадий Головкин IBF чемпиондық атағына үміткер болу үшін өтетін кездесуден бас тартты. Бұл туралы Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Boxen1.com мамандандырылған порталына берген сұхбатында неміс боксшысы Джек Кулькаяның промоутері Инго Фолькманн қазір спортшының IBF тізімінде екінші орында тұрғанын айтты.

Ал үшінші орында - украиналық боксшы Сергей Деревянченко.

"IBF іріктеу додасы үшін алдымен Геннадий Головкинді, содан кейін Мартин Мюррейді сұрады. Тек олармен келісімге қол жеткізілмегеннен кейін ғана Деревянченконың кезегі келді", - деп атап өтті Фольклманн.

Промоутердің сөзінше, орта салмақтағы боксшылардың арасында бәсекелестік өте көп екен. Ал Кулькая - олардың ішіндегі үздіктердің бірі.

Кулькая мен Деревянченконың арасындағы кездесу 13 сәуірге жоспарланған. Қазір IBF чемпиондық белбеуі американдық Дэниэл Джейкобсқа тиесілі. Ал ол, өз кезегінде мексикалық боксшы Сауль Альвареспен 4 мамыр күні жекпе-жек өткізбек.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Головкин IBF чемпиондық атағы үшін өтетін кездесуден бас тартты