RU
Алматыда жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі күйінде табылды
Жаңалықтар Қоғам

Алматыда жоғалып кеткен 24 жастағы жігіт өлі күйінде табылды

Рассказать Вконтакте

Алматыда 6 ақпан күні жоғалып кеткен 24 жастағы өскемендік азамат Әлихан Қапановтың денесі табылды. Бұл ақпаратты оңтүстік астананың полиция департаменті растады деп хабарлайды "NewTimes.kz" сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: yk-news.kz

Фото: yk-news.kz

Жігіттің туыстарының айтуынша, ол Алматы қаласындағы Өтепов-Розыбакиев көшелерінің ауданында орналасқан үйден 6 ақпан күні кешке шығып кетіпті. Содан бері Әлиханмен байланыс жоғалған.

Жақындары Әлихан үнемі өзімен бірге алып жүрген пәтер кілтін үйге тастап кеткенін айтады. Жігіттің ұялы телефоны да сөндірулі болыпты.

Амалы қалмаған туыстары полициямен байланысуға мәжбүр болған.

Алматы Полиция департаментінде хабарлағандай, марқұмның денесінен азаптап өлтіру белгілері табылмаған.

Ведомствода өлімнің алдын ала себебі - үсіп қалу деп болжап отыр. Бұл ақпарат мамандардың қорытындысынан кейін толық белгілі болады.

Сіздің реакцияңыз
0
1
0
9
0
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel