RU

Қазақ боксшысы қарсыласын алғашқы минуттарда-ақ нокаутқа түсірді

Қазақстандық боксшы Еділ Қожамбердиев мексикалық қарсыласы Хуан Карлос Мореноны кездесудің алғашқы минуттарында-ақ нокаутқа түсірді деп хабарлайды Sports.kz сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: Depositphotos

Қазақстандық пен мексикалықтың арасындағы кездесу Мексиканың Тихуан қаласында өткен.

Жекпе-жекте 32 жастағы Еділ Қожамбердиев бірінші раундта қарсыласын нокаутқа түсіріп, төрт раундты жекпе-жекті мерзімінен бұрын аяқтады.

Бұл қазақстандық боксшының кәсіби шаршы алаңда жеткен алтыншы жеңісі. Ал Қожамберидевке есе жіберген мексикалық спортшы өз есебіне 27-ші жеңілісін тіркеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777826-kazak-bokssysy-karsylasyn-algasky-minuttarda-ak-nokautka-tsirdi.html