RU

Ауа райы: Бүгін еліміздің кей аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады

Бүгін, 11 ақпан күн ауа ағынының өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады, тек Қазақстанның батысы мен орталығында ауа райы жауын-шашынсыз болады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ, бұрқасын және желдің күшеюі күтілуде деп хабарлайды "Қазгидромет".

Ауа райы: Бүгін еліміздің кей аймақтарында қар жауып, көктайғақ болады
Көрнекі фото: uaua.info: Facebook

Алматы, Жамбыл, Түркістан облыстарының кей бөліктерінде тұман, көктайғақ, желдің 15-22 м/с күшеюі ықтимал.  

Шығыс Қазақстан, Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында тұман түседі, бұрқасын, ШҚО-ның кей жерлерінде желдің жылдамдығы  15-20 м/с жетеді.

Қызылорда, Маңғыстау, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды облыстарының кей аймақтарында тұман, Қызылорда, Маңғыстау облыстарында көктайғақ күтіледі.   

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1777828-aua-rajy-bgin-elimizdi-kej-ajmaktarynda-kar-zauyp-kktajgak-bolady.html