RU
Бес жыл бойы мойнын созып, "жираф" атанған бойжеткен әлем назарына ілікті
Жаңалықтар Калейдоскоп

Бес жыл бойы мойнын созып, "жираф" атанған бойжеткен әлем назарына ілікті

Рассказать Вконтакте

Лос-Анджелес тұрғыны Сидни Смит бала кезгі арманын іске асыру үшін бес жыл бойы кейбір азиялық тайпа өкілдері сияқты мойнына темір сақиналар тағып жүрген. bigpicture.ru сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ бойжеткеннің бұл ойы қаншалықты жүзеге асқанын назарларыңызға ұсынады.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Сидни сұқбаттарының бірінде балалық шақта оны "жираф-қыз" деп атағанын еске алды. Бала кезінен оның мойны ұзын болған екен.

Бірақ бір күні ол Мьянмадағы Каян Лахви тайпасының әйелдерінің суретін көреді. Ол тайпаның әйелдеріне мойындарын ұзарту үшін бала кезден мыс сақиналар таққан.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Кейбір азиялық тайпаларда мойын сұлулық көрсеткіші болып есептеледі. Олар өмір бойы иықтарына ауыр салмақ артып жүреді, жыл өткен сайын сақина саны да көбейе береді.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Олардың суретінен шабыттанған Сидни осылай өз мойнын ұзарта алатынын түсінеді.

Ол мойнына темір сақиналар тағып, бес жыл бойы оларды шешпеген.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Ол сақина санын біртіндеп көбейтіп, соңында оларды 15-ке жеткізген.

Бірақ Сидни бес жылда қатты азаптанғанын жеткізді. Ол қарапайым жүгіру мен суда жүзу сияқты әрекеттерді қатты сағыныпты.

Сонымен қатар, сақинаны таққаннан кейін ол өте тұйық болып кеткенін айтты.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

"Көпшілік орындарға бармайтынмын. Дүкенге барғанның өзінде адамдар келіп, сұрақтың астына алатын", - деді бойжеткен.

Мойын ұзарту процесі Сиднидің жеке өміріне де әсер етіпті. Жігіттерінің көбі сақиналарға қызығушылық танытыпты, алайда ата-анамен танысуға келгенде оларды шешуді өтінген.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Бірақ мұның артықшылықтары да жоқ емес. Бойжеткен тез арада танымалдылыққа ие болды.

Бес жылдан кейін Сидни сақиналарды шешуді ұйғарады. Бәрін ой сарасынан өткізіп, бойжеткеннің нақты шешім қабылдауына жарты жыл қажет болыпты.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

"Мойнымдағы сақиналар менің бір бөлігіме айналды", - деді Сидни.

Әшекейін шешуге оған құрбысы көмектескен. Ол сақиналар қосылған жерге арнайы химиялық зат жағып, оларды ажыратыпты.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

"15 минутқа созылды, бірақ жаным қатты қиналып кетті", - деп Смит шындықты жасырмады.
Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Сақиналар шешілгеннен кейін Сиднидің мойны бостандыққа әзір емес екені анықталады. Әлсіздіктен құтылу үшін ол мануалды терапия көмегіне жүгінген.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Сонымен қатар, сақинаның ауырлығынан бойжеткеннің мойны көгеріп қалған.

Уақыт өте келе олар басылыпты, бірақ бастапқыда ол көгерген жерлерді косметиканың көмегімен жасырған.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

Сидни мойнының ұзарғанына сенімді, алайда Оңтүстік Калифорниядағы ортопед-хирург Джонатан Нисанофф мұнымен келіспейді.

Бес жыл бойы мойнын созып жираф-әйеге айналған бойжеткен жайлы не білеміз?

Фото:bigpicture.ru

"Ол терісі мен сүйектерді созды. Сақиналар сүйекті созбайды. Сақиналар шешілгеннен кейін мойын бұрынғы қалпына келеді", - деді Джонатан Нисанофф.

Бірақ Сидни өз келбетіне көңілі толып, жираф-әйел атанғанына риза.

Сіздің реакцияңыз
7
8
3
3
0
6
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel