Выйти
RU

Айқын мен аяғы ауыр Жұлдыздың жағажайдағы ашық суреті елді шулатты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желіде қызу талқыға түсетін жұптардың бірі Айқын Төлепберген мен Жұлдыз Өмірғали тағы да жұрт назарына ілікті. Бұл жолы жұлдызды жұбайлардың демалыс кезінде түскен суреті көптің көңілінен шықпай қалған деп жазады NUR.KZ.

Желіде тараған суретте аяғы ауыр Жұлдыз Өмірғали жағажай киімінде ғана тұр. Ал Айқын Төлепберген фотода екі қауынды кеудесіне, қарбызды іш тұсына ұстап түскен.

Әзіл аралас бұл суретті көрген желі қолданушылары әншілерді сынап тастады. Олар әйелін халық назарына шығарған Айқынға да өз реніштерін білдірді.

"Айқынға да бәрібір екен, әйелін жарқыратып", "Енді қайтеді, басқа проблемары жоқ", "Халықты сыйламағандықтары", "Қалжыңның да орны бар ғой", "Ерсі екен", "Айқынға не көрінген" деп жазған олар.

Айта кетерлігі, суреттің қай уақытта және қашан түсірілгені белгісіз.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Айқын мен аяғы ауыр Жұлдыздың жағажайдағы ашық суреті елді шулатты