Назарбаев теннисші қызға сыйлаған сағаттың бағасы қанша?
Нұрсұлтан Назарбаевтың теннисші Зарина Диасқа сыйлаған Cartier маркалы швейцариялық сағаты бір миллион теңге көлемінде тұрады. Бұл туралы SportX.kz-ке сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Фото: instagram.com/zarinadiyas
Зарина Диас бірнеше күн бұрын швейцариялық қымбат сағатқа ие болды. Бағалы сыйлықты спортшыға мемлекет басшысы тарту еткен.

Фото: сағаттың ресми сайты
Швейцариялық брендтің ресми сайтында аталған сағаттың құны 1995 фунт стерлингке бағаланған. Бұл бір миллонға жуық теңгені құрайды.
Еске сала кетсек, 8 ақпан күні Нұрсұлтан Назарбаев Зарина Диасқа қолтаңбасы бар сағат тарту еткен болатын.
Кейінірек спортшы қыз Instagram парақшасында Елбасының матчта қолдау көрсетуге келгенін айтып, президент берген сыйлықты көрсетіп мақтанған.
Сіздің реакцияңыз
5
1
2
0
1
9
0
Тағы да оқыңыздар
Пікір