RU
Екі әйелі мен төрт баласын тастап кеткен оралдық азамат жұрттан кешірім сұрады
Жаңалықтар Қоғам

Екі әйелі мен төрт баласын тастап кеткен оралдық азамат жұрттан кешірім сұрады

Рассказать Вконтакте

Оралда "Хан" лақап атымен танылған асаба Қасым Өтешов екі әйелін де тастап кеткен. Осы ісі үшін өкінетін 27 жастағы азамат "Астарлы ақиқат" бағдарламасына келіп, көпшіліктен кешірім сұраған деп хабарлайды NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр/ Астарлы ақиқат

Фото: Видеодан кадр/ Астарлы ақиқат

Бірінші әйелі туралы әңгімелеген Қасым оның жүкті екенін әскерге кеткен соң ғана естігенін айтады. Ол уақытта оралдық азаматтың ғашығы Нұрдана 11 сынып оқушысы болған екен.

Осылайша, әскерден келген жігіт аяғы ауыр болып қалған сүйіктісімен қосылады. Артынша Нұрдана мен асабаның жанұясында екі қыз дүниеге келеді. Алайда, отбасылық жанжалдан соң екі жастың ортасы бұзылып, ажырасуды жөн көреді.

Араға екі-үш ай салып Қасым Нұрай есімді қызға ғашық болады. Сезімге берілген жастар шаңырақ көтеріп, бір ұл, бір қызды дүниеге әкеледі.

Дегенмен, оралдық асаба екі жылдан соң ажырасып, қайтадан сүр бойдақ атанған. Оның басты себебі - Нұрайдың қатты қызғаншақ болғаны дейді ол. Қасым жұбайының көңілінен шығу үшін, тіпті, тойдан кетіп, жүк тасушы болып еңбек еткен көрінеді.

Алайда, шыдамы таусылған азамат екінші жанұясын да тастап кете барыпты. Тіпті, қазіргі уақытта төрт баланың әкесі алимент те төлемейтін көрінеді.

Ал бағдарламаға аудиожазба жіберген Қасымның екінші әйелі Нұрай асабадан көңілі қалғанын, ол кез келген уақытта өзін ақтап алатынын жеткізді.

Сіздің реакцияңыз
30
3
3
1
1
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel