RU
Сүйіктісімен шетелде жүрген Луина сексуалды суреттерін көрсетті (фото)
Жаңалықтар Мәдениет және шоу-бизнес

Сүйіктісімен шетелде жүрген Луина сексуалды суреттерін көрсетті (фото)

Рассказать Вконтакте

Отандық әнші Луина өзінің ғашығын көпшілікке көрсетті. Шоу-бизнес өкілі сүйгенімен шетелде демалып жүр деп жазады NUR.KZ.

Биылғы ақпанды Дубайда өткізуге шешім қабылдаған әнші ғашығымен түскен суреттерін Instagram парақшасында жариялады.

"Күннен-күнге ғашық болудамын", - деп парақшасында жазба қалдырған.

Ал желі қолданушылары әншіге бақыт тілеп, олардың жарасымды жұп екенін жарыса жазуда.

Айта кетейік, Луина Артём есімді жаңа сүйіктісін өзінің жаңа клипіне түсірген болатын.

Сондай-ақ, әнші ғашығының өнер әлемінен алыс екенін де жасырмады.

Естеріңізге сала кетейік, Луина биылғы жылдың ақпанында азаматтық некедегі продюсері Жомарт Сүлейменовпен қарым-қатынастарын тоқтатқанын мәлім еткен болатын.

Сондай-ақ, әнші кеудесіне пластикалық ота жасатып, төсін үлкейтіп алды.

Луинаның әндерін біздің "Музыка Нур" қосымшасынан тыңдай аласыздар.

Сіздің реакцияңыз
20
1
0
0
2
6
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel