RU
Астанада бес қыздың өмірін жалмаған өрттің неден шыққаны белгілі болды
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Астанада бес қыздың өмірін жалмаған өрттің неден шыққаны белгілі болды

Рассказать Вконтакте

Елордада бес қыздың өмірін қыршынынан қиған өрттің шығу себебі анықталды. Бұл туралы Төтенше жағдайлар жөніндегі комитет мәлімдеді деп хабарлайды "Астана" арнасына сілтеме жасаған NUR.KZ.

Фото: nuz.uz

Фото: nuz.uz

Ведомствоның мәлімдеуінше, оқыс оқиға түтіндікті өңдеу барысында өрт қауіпсіздігінің бұзылуы салдарынан орын алған. Үйдің төбесі мен түтіндіктің арасында қажетті арақашықтық қарастырылмай, мұржа дұрыс бекітілмеген.

"Бұл жайт өз кезегінде пешті пайдалану барысында өртке әкеп соқты. Үйдің шатыры өртеніп, құлап түсті" , - деді азаматтық қорғау облысындағы апатты жағдайлардың қауіп-қатерін төмендету мен бақылау басқармасының басшы орынбасары Жасұлан Ақтаев .

Оның сөзінше, қазіргі таңда басты мәселе - көпшіліктің Төтенше жағдай қызметкерлерін өз үйіне кіргізбеуі болып отыр. Үй иелерінің рұқсатынсыз кіруге олардың құқығы жоқ.

Сол себепті, жергілікті халыққа ескерту бойынша профилактикалық шаралар іске асырылып тұрады. Олар тұрғындарға пешті дұрыс қолданбау қандай қауіпті жағдайға әкеп соқтыратынын түсіндіруге бағытталған.

Автор: Ерлан Сисенов

Айта кетейік, төртінші ақпанда орын алған жантүршігерлік оқиға барша қазақстандықтарды дүрсілкіндірді. Өрт салдарынан бес қыз қаза тапқан. Марқұм болған бүлдіршіндердің барлығы бір отбасының балалары болып шықты.

Сіздің реакцияңыз
7
1
0
9
2
1
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel