Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тағы да үшем: Қазығұртта 28 жастағы келіншек үш ұлды дүниеге әкелді

Опубликовано:

Түркістан облысы Қазығұрт ауданының 28 жастағы тұрғыны Әбдалиева Жадыра бірден үш ұлдың анасы атанды. Бақытты жанды бүгін перзетханадан шығарады деп күтілуде. Бұл туралы NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

Түркістан облысында үшем дүниеге келді
Көрнекі фото: www.topnews.ru: Instagram

23 қаңтар күні Түркістан облыстық №1 перинатальды орталығында жүктіліктің 32 аптасында болған әйел кесарь тілігі арқылы үшемді дүниеге әкелген.

Қазіргі уақытта нәрестелердің жағдайлары бірқалыпты.

Олар 1700-2100 грамм салмақпен туған. Бойларының ұзындығы 40-48 см болыпты.

Айта кетейік, үшемнің анасы үй шаруасында болса, әкесі коммуналдық шаруашылық қызметінде жұмыс істейді.

Өмірге келген сәбилер - жұбайлардың тұңғыштары екен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1777869-tagy-da-sem-kazygrtta-28-zastagy-kelinsek-s-ldy-dniege-keldi/

pixel