RU
Қостанайда 22 жастағы кәсіпкер қыз жиырма күннен бері табылмай жатыр
Жаңалықтар Қоғам

Қостанайда 22 жастағы кәсіпкер қыз жиырма күннен бері табылмай жатыр

Рассказать Вконтакте

Қостанай тұрғыны Мадина Байзақова 20 қаңтар күні қаладан шығып кетіп, сол күйі оралмаған деп хабарлайды NUR.KZ.

Қостанайда 22 жастағы қыз жиырма күннен бері табылмай жатыр.

Фото: отбасылық архивтен

Туыстарының айтуынша, үйде ұрыс-керіс болмаған.

Арықтау келген, қара көзді, бойы 173 см болатын қыз үстіне шолақ қоңыр түсті тон, қоңыр түсті бас киім мен қара етік киіп кеткен.

Анасы Айгүл Мадинаның отбасылық бизнеспен айналысқанын айтады.

Өздерінің болжауынша, қыздары Астанаға барып, кейін автобуспен Алматыға шығып кетуі мүмкін.

1996 жылы туған Байзақова Мадина Нұрланқызын көрген жан болса, ата-анасы төмендегі телефон нөміріне хабарласуды сұрайды.   

  • Әкесінің нөмірі: 8701 7777 189
  • Анасының нөмірі: 8701 7778478
Сіздің реакцияңыз
1
1
1
7
0
2
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel