Выйти
RU

Түркістан облысында бесем туылды деген ақпарат жалған болып шықты

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Әлеуметтік желілерде тараған "Түркістанда бесем дүниеге келді" деген ақпараттың шындыққа жанаспайтыны анықталды хабарлайды Оtyrar.kz.

Әлеуметтік желілерде Түркістан обылысында 30 жастағы келіншектің дүниеге бесем әкелгені туралы ақпарат таралып, жұрт риза болған еді.

"Бауы берік болсын! Өздерінің де, ата-анасының да ғұмырлары ұзақ, дендері сау болсын", "Алла бізге де жұғысты қыла гөр", "Бауы берік болсын!", - сынды пікірлерді желі қолданушылары қарша жаудырып та үлгерді.

Алайда Түркістан облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі бұл ақпаратты жоққа шығарды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Түркістан облысында бесем туылды деген ақпарат жалған болып шықты