RU
12 ақпанға арналған жұлдыз жорамал
Жаңалықтар Калейдоскоп

12 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Рассказать Вконтакте

Бүгін табыс пен қаржы мәселесін жолға қоятын кез келді. Күш-жігеріңізді бекер сарқылтпай, ойыңыздағы жоспарды жүзеге асыруға ғана жұмсаңыз. obozrevatel сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ 12-ші ақпанға арналған жұлдыз жорамалды назарыңызға ұсынады.

12 ақпанға арналған жұлдыз жорамал

Көрнекі фото: sb.by

1.Тоқты

Бүгін өміріңізді түбегейлі өзгертуге асықпаңыз. Бұл өзгерістер сізге шынымен қажет пе, соны алдымен шешіп алыңыз. Одан да шыдамды болып, айналадағы өзгерістерді талдап алған жөн.

2. Торпақ

Табыс табамын деп демалу керегін ұмытып кеттіңіз. Бүгін мұны өзгертудің мүмкіндігі туады. Уақытыңызды отбасыңызға, достарыңызға арнаңыз.

3. Егіздер

Бүгін қызғаншақтар мен дұшпандар сізді қаншалықты ашуландыруға тырысса да, азғыруларына бой бермеңіз. Басқалардың сөзіне мән бермей, мақсатыңызға қарай жүріңіз. Жұмысыңызға көңіл бөліп, жаңа табыс көзін табуға тырысыңыз.

4. Шаян

Күш-қуатыңызды арттырудың мүмкіндігі пайда болады. Кәсіби және жеке өміріңізде орын алған жайттар өзіңізге деген сенімділікті арттыруға септігін тигізеді. Күннің екінші жартысында жеке меншікке немесе жылжымайтын мүлікке қатысты мәселелер туындауы мүмкін.

5. Арыстан

Саудамен айналысатын адамдардың жолы болады. Болашақта көп табыс әкелетін келісімшартқа қол қоюыңыз мүмкін. Жақын адамыңызбен ренжісіп қалуыңыз ықтимал. Кешке туыстарыңыздың үйіне қонаққа барсаңыз дұрыс болады.

6. Бикеш

Қаржылық қиындықтар басталуы мүмкін. Қымбат заттарды алмай тұра тұрыңыз. Одан да өзіңізге және денсаулығыңызға көңіл бөліңіз. Тұрмыстық мәселелерді шешуді де кейінге қалдырмай, қазір шешіп тастаңыз.

7. Таразы

Тәуекелге бармаңыз және қаржы шашпаңыз. Ал басқа жағынан өте қолайлы күн. Жұмыста міндеттеріңізді жақсы атқарып, әріптестеріңіздің алдында беделіңіз артады.

8. Сарышаян

Қызбалығыңыз көп мәселелерді шешуде көмектеседі. Көпшілік арасында әр сөзіңізді аңдып сөйлеңіз, әйтпесе түсінбеушіліктер туындауы мүмкін. Көптен бері ала алмай жүрген қарызыңызды қайтаруы мүмкін.

9. Мерген

Бүгін өзіңізге жандос табуыңыз әбден мүмкін. Егер тағдыр сізге сый тарту етсе, одан бас тартпаңыз. Сөзіңіз бен әрекеттеріңізге мән беріңіз. Сүйіктілеріңіз бен жақындарыңызды ренжітпеңіз.

10. Тауешкі

Бүгін достарыңызға көңіл бөлген дұрыс. Олар пікіріңізге құлақ асады. Сондықтан қорықпай кеңестеріңізді беріңіз.

11. Суқұйғыш

Бүгін басқа адамдардың пікіріне мән бермеңіз. Басшылық сын айтатын болса, алдымен сөздерін дәлелдеп беруін талап етіңіз. Біреуді сыртынан ұнатып жүрген болсаңыз, сезімдеріңізді білдіретін кез келді.

12. Балықтар

Жұмысыңызды өзгерткіңіз келеді. Әріптестеріңіздің басым бөлігі сізді қолдайды, алайда қарсы болатындар да табылады. Сезімдеріңізді бақылауда ұстауға тырысыңыз.

Сіздің реакцияңыз
0
0
0
0
1
0
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel