RU
Павлодарда 40 градус аязда қар күреген келіншек жанайқайын жеткізді
Жаңалықтар Қоғам

Павлодарда 40 градус аязда қар күреген келіншек жанайқайын жеткізді

Рассказать Вконтакте

Павлодарда коммуналдық қызмет басшылығы қол астындағыларды қырық градус аязда жұмысқа шығарып, қарсылық танытқандарын қызметтен қуамыз деп қорқытқан. Далада қара жұмысқа жегілгендер туралы Еуразия бірінші арнасы хабарлайды.

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Фото: Видеодан кадр/ Еуразия бірінші арнасы

Қыс басталғалы 66 мың теңге үшін қолына күрек алып, қар тазалаған Әсел Қайдарова сынап бағанасы 40 градусқа дейін төмендегенде коммуналдық қызмет басшылығы жұмысқа түстен кейін шығарып жүріпті. Ал талапқа қарсы шығуға еш құқықтары жоқ.

"Басшылық 2017 жылы жұмысқа қай кезде де өз еркімен шығатынымызды растайтын құжатқа қол қойдырып алды. Сол себепті, біз қақаған аязда жұмыс істеуге мәжбүрміз. Қит етсек, құжатты көрсетіп, жұмыстан шығаруы мүмкін ғой?! Онсыз да, "жұмыстарың ұнамаса, орындарыңа басқа адам аламыз", деп бірнеше рет айтқан", - дейді келіншек.

Қыстың аязында үш бригадаға бөлініп, қар тазалайтын жетпіске жуық адам үзіліс уақытында аялдамаға немесе дүкендерге кіріп жылынады екен

"Сенбі-жексенбі күндері жұмыс істейтіндерге заң бойынша екі еселенген төлем жасалады. Ал біздің басшылық демалыс күндері кейде төлейді, кейде төлемейді. Оның орнына, кез келген күні демалыс алуларыңа болады дейді", - дейді Қайдарова.

Қалалық коммуналдық қызмет басшылығы мәселеге қатысты сұхбат бермеді. Ал аумақтағы еңбек басқармасындағылар аталған жайтқа қатысты жауаптарын айтты.

"Ақшаны есептей алатын кез келген жұмыс беруші адамдарға уақытша жылыту беруге мүдделі. Өйткені егер жылыту уақытында берілмесе, бірінші адам жұмыс істеуден нашар болады, екіншіден ол ауруханаға жиі түседі", - деді аймақтық еңбек басқармасының жеткішісі Асқар Қапанов.

Қыс айының соңына дейін шыдап, жанайқайларын енді жеткізген жандардың проблемасы қалай шешілетіні белгісіз.

Дереккөз: Еуразия бірінші арнасы

Сіздің реакцияңыз
8
0
1
5
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel