Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белоруссиялық оқушы мұғалімі мен сыныптастарын пышақтап тастады (фото)

Опубликовано:

Минск облысының мектептерінің бірінде 11 ақпан күні 15 жастағы оқушы мұғалімі мен сыныптастарын пышақтап тастады. Қанды қырғын жайында Минск облысының ІІБ-ның атқарушы комитетінің сайтында хабарланған деп жазады NUR.KZ.

Беларусь елінде оқушы мектепте қанды қырғын жасады
Фото: СК/Tyt.by: Facebook

Таңғы 8:05 шамасында №2 мектепте шабуыл жасалған. 15 жастағы оқушы ұстазы мен үш сыныптасына пышақпен тап берген.

Беларусь елінде оқушы мектепте қанды қырғын жасады
Фото: "Белта": Depositphotos

Шабуыл нәтижесінде мұғалім мен бір оқушы көз жұмған. Екі жеткіншек жарақат алған.

Қылмысын жасағаннан кейін қаскүнем оқиға орнынан қашып кеткен. Көп ұзамай милиция қызметкерлері оны құрықтаған.

Беларусь елінде оқушы мектепте қанды қырғын жасады
Фото: Белта: Depositphotos

Жергілікті БАҚ өкілдерінің мәліметтерінше, 15 жастағы оқушының қолынана 53 жастағы география пәнінің мұғалімі қаза тапқан.

Беларусь елінде оқушы мектепте қанды қырғын жасады
Фото: Incidentbelarus/327: Depositphotos

Көп ұзамай әлеуметтік желіде Столбцы қаласының 2003 жылғы тұрғыны Вадим Милошевскийдің суреті жарияланды.

Беларусь елінде оқушы мектепте қанды қырғын жасады
Фото: Tyt.by: Depositphotos

№2 мектеп ұстазы мен оқушыларына пышақтағаны үшін іздеу салынған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1777941-belorussialyk-okusy-mgalimi-men-synyptastaryn-pysaktap-tastady-foto/

pixel