RU
Ыстықкөлде біреудің әйеліне көз салған жігіттің жыныс мүшесін кесіп тастады
Жаңалықтар Әлемде

Ыстықкөлде біреудің әйеліне көз салған жігіттің жыныс мүшесін кесіп тастады

Рассказать Вконтакте

Қырғызстанның Ыстықкөл облысының аудандық соты әйеліне көз салған жігіттің жыныс мүшесін кесіп өлтірген азаматты 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырған. Бұл туралы Turmush сайтына сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Көрнекі фото: dpchas.com.ua

Оқиға 2018 жылдың 16 тамызында Чолпон-Ата қаласына жақын жердегі шаруашылықта болған.

Күдікті "әйелімді зорлады" деп жергілікті тұрғынды бірнеше жерінен пышақтап, жыныс мүшесінен кесіп алған.

Соттың мәліметінше, айыпталушы бұған дейін екі рет істі болған. Ал бұл жолғы қылмысын толықтай мойындамаған.

Күдіктінің айтуынша, оқиға күні үйге ерте келіп, қораның ішінен шыққан әйелінің дауысын естіген.

Ол әйелін зорлап жатқан тұрғынды сол уақытта ашумен қатты ұрғанын мойындаған.

Соққы алған жігіт "балаларды ертіп келемін" деп оқиға орнынан ізін суытқан.

Күдіктінің сөзінше, түнде жәбірленуші қайтадан келіп, тіл тигізген.

Ол үйінен шығып таяқпен басынан ұрғанын, киімін шешіп алып, өрттеп жібергенін мойындап, пышақтағанын жоққа шығарған.

Таңертең далаға шыққанда, жәбірленушінің қайтыс болғанын білген.

Ол жыныстық мүшесін ит жеп қойғанын жеткізген.

Соттық-медициналық сараптаманың қорытындысы бойынша, жәбірленуші травматикалық шок алғаны, көптеген қабырғаларының сынғаны, бірнеше жерден пышақталғаны анықталған.

Сондай-ақ ол қайтыс болған соң, ит-құсқа бірнеше дене мүшесі жемтік болғаны белгілі болған.

Айыпталушы қылмысы толықтай дәлелденіп 14 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel