Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Белоруссияда мектепте қырғын салған оқушыға қатысты тың деректер шықты (фото)

Опубликовано:

Белоруссияның Столбцы қаласында болған қанды қырғын орнында тергеушілер тобы жұмыс істеуде деп хабарлайды "Белта" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Белоруссия мектебінде қырғын салған оқушыға қатысты тың деректер шықты (фото)
Фото: БЕЛТА: Depositphotos

Белоруссияның тергеу комитеті милиция жұмысының алғашқы нәтижелері шыққанын хабарлады. Ведомствоның ресми өкілі Сергей Кабаковичтің сөзінше, шабуыл хронологиясы жасалды.

Белоруссия мектебінде қырғын салған оқушыға қатысты тың деректер шықты (фото)
Фото: БЕЛТА: Depositphotos

Оқушы мектепке жергілікті уақытпен 07:40 келген. Ол сөмкесін сыныпта қалдырып кетеді. Біраз уақыт өткен соң сыныпқа қайта оралып, ұстазына пышақпен тап беріп, жаралаған.

Белоруссия мектебінде қырғын салған оқушыға қатысты тың деректер шықты (фото)
Фото:Қаза болған ұстаз Марина Пархимович/ВКонтакте: Depositphotos

Ұстазын арашаламақ болған екі оқушы да жарақаттар алған деп түсіндірді Кабакович.

Мұғалім оқиға орнында қайтыс болған. Оған араша түскен екі оқушы ауруханаға жеткізілді, қазір өмірлеріне қауіп төніп тұрған жоқ.

Шабуылдаған жеткіншек көрші кабинетке кіріп, 2001 жылғы жоғарғы сынып оқушысын жаралаған. Ол да алған жарақатынан сол жерде қайтыс болған.

Белоруссия мектебінде қырғын салған оқушыға қатысты тың деректер шықты (фото)
Фото: БЕЛТА: Depositphotos

Құрықталған оқушымен қазір милиция жұмыс істеуде. Оқиғаға қатысты "Кісі өлтіру" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Жеткіншек 8-12 жылға немесе өмір бойына түрмеге тоғытылуы мүмкін.

Сондай-ақ бұл бап санкцияларында өлім жазасына кесу де қарастырылған.

Еске сала кетейік, бүгін таңертең Белоруссияда оқушы мұғалім мен бір оқушыны пышақтап өлтіріп, екі сыныптасын жаралаған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/world/1777959-belorussiada-mektepte-kyrgyn-salgan-okusyga-katysty-ty-derekter-sykty-foto/

pixel