Выйти
RU

Ақтауда жұмысшыларды түрмемен қорқытқан судья қызметінен шеттетілді

Рассказать в Telegram Рассказать Вконтакте

Жұмысшыларға қарызын төлемей, қоқан-лоққы көрсеткені үшін Ақтау қалалық сотының төрағасы Мәлік Кенжалиев қызметінен шеттетілген. Бұл туралы Маңғыстау облыстық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған NUR.KZ хабарлайды.

Ақтауда жұмысшыларға ақша төлемей, қоқан-лоққы көрсеткен судья қызметінен шеттетілді

Фото: tumba.kz

Сот қызметінің этикасын бұзғаны үшін жетінші ақпан күні Мәлік Кенжалиевті қалалық сот төрағасын қызметінен шеттетіп, судья өкілеттілігін тоқтату жөнінде шешім қабылданған.

Мәлік Кенжалиев Каспий теңізі бойында коттедж тұрғызу үшін Өзбекстан азаматтарын жұмысқа алған. Сот төрағасы жұмысшыларға жалпы 3,6 миллион теңгені уәде етіп, жарты сомасын алдын ала төлем ретінде төлеген. Сөйтіп қалған 1,8 миллион теңгені жұмыс аяқталғанда беруге келіскен. Бірақ үй тұрғызылып болғанда, судья қалған соманы төлеуден бас тартқан.

Жұмысшылардың бригадирі сот төрағасына бірнеше рет телефон соғып, хабарлама жазған. Бірақ жауап ретінде балағат сөздер мен "түрмеге қамау" жайлы қоқан-лоққы ғана естіген.

"Судья өз антына берік болып, этика нормаларын сақтауға міндетті болғанына қарамастан, Мәлік Кенжалитве сот этикасын бұзды. Сот өкілі өкілеттілігі мен беделіне нұқсан келтіретін кез келген әрекетке жол берілмеуі тиіс", - деп хабарлады облыстық сот өкілі.

Ақтау қалалық сотының уақытша орындаушысы ретінде Гүлмаржан Әділсұлтан тағайындалды.

Қазақстандағы соңғы жаңалықтар мен фото, видео және өзге де эксклюзивтер жайлы алғашқылардың бірі болып біліңіз!

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Ақтауда жұмысшыларды түрмемен қорқытқан судья қызметінен шеттетілді