Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысында ауылдасын аяусыз соққыға жыққан ауыл әкімі сотталды

Опубликовано:

Бүгін Ақмола облысына қарасты Атбасар қаласында өз ауылдасын өлімші етіп сабап тастаған Курское елді мекенінің әкіміне қатысты сот үкімі шықты. Владимир Рогозный мен оның сыбайласы ауыл тұрғыны Жангелді Жамышевті ұрып-соққаны үшін айыпталған болатын деп хабарлайды "Көкшетау Азия" агенттігіне сілтеме жасаған NUR.KZ.

Жангелді Жамышева. Фото:kokshetau.asia
Жангелді Жамышева. Фото:kokshetau.asia: Facebook

Бұрынғы әкім мен оның сыбайласы Қылмыстық кодекстің 106 бабы бойынша кінәлі деп танылып, екеуі де сегіз жылға бас бостандығынан айырылды. Оған қоса, олар алты млн теңге көлеміндегі шығынды өтеуге міндеттеледі.

Жангелді Жамышева. Фото:kokshetau.asia
Жангелді Жамышева. Фото:kokshetau.asia: Facebook

Еске сала кетеік, қайғылы оқиға 2018 жылдың 17-ші наурызында орын алған. Мас күйде болған Рогозныйдің жүріп бара жатқан көлігінен Жангелді Жамышев құлап түсіп, сол қалпы оянбастан ауруханада көз жұмған болатын.

Бұл жағдай бірден ел арасында қызу талқыға түсті. Марқұмның туыстары аса беделді кәсіпкердің ұлы болған ауыл әкімі жауапкершіліктен құтылып кетеді деп қорыққан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/accidents/1777969-akmola-oblysynda-auyldasyn-aausyz-sokkyga-zykkan-auyl-kimi-sottaldy/

pixel