RU
Жұмысында көтерілгісі келген медбикеге бастығы көңілдес болуды ашық айтқан
Жаңалықтар Қоғам

Жұмысында көтерілгісі келген медбикеге бастығы көңілдес болуды ашық айтқан

Рассказать Вконтакте

Астаналық медбике сүйікті жұмысын тастап, шаштараз қызметін меңгеріп алғанын баяндады. Айтуынша, қызметтік мансапта өскісі келген оны басшысы көңілдесі еткісі келген көрінеді. Ол аздай тіпті "қызметте өскің келсе, үш еркекпен жатасың" деп ашығын айтқан екен деп жазады NUR.KZ.

Көрнекі фото: pixabay.com

Көрнекі фото: pixabay.com

Астаналық Әсем (ред. аты-жөні кейіпкердің өтінішімен өзгертілді) Алматыдағы медициналық колледждердің бірін бітірген. Медбике мамандығы бойынша оқуын тәмамдаған ол, көп ұзамай бұл қызметтен кетуге мәжбүр болдым дейді.

"Негізі түбіміз Шымкенттен, Алматыға 2015 жылы көшіп келгенбіз. Әкем де, анам да мұғалім. Бала кезден дәрігер емес, дәл осы медбике боламын деп армандағанмын. Неге екенін білмеймін, медбике болып қызмет етіп, адамдарға көмектесу – мен үшін үлкен мәртебе болып сезілетін. Сөйтіп 2013 жылы колледжге оқуға түстім, оны ойдағыдай аяқтадым.

Бәрі кілең бес демей-ақ қояйын, бірақ сабақты қалдырмауға тырыстым. 2016 жылы қаладағы емханалардың біріне жұмысқа тұрдым, онда екі жылдай жұмыс істедім.

Астанада жұмыстың реті шығып, былтыр күзде осында келдім. Алғашқы бір ай бәрі жақсы болған. Кейін бас дәрігердің маған "басқаша" қарап жүргенін байқадым. Бір күні жұмыстан қайтып бара жатсам, бөлмеме кіріп келіп: "Аға медбике болғың келе ме? Онда менімен және тағы екі адаммен жатасың" деп ашық айтты. Шошығаным соншалық, алғашында не деп жауап берерімді білмей абдырап қалдым.
"Аға не айтып тұрсыз? Ұятыңыз қайда? Балаларыңыздан ұялмайсыз ба" десем, "Онда жұмыстан кетесің, өз таңдауың өзіңде" деп есікті тарс жауып кете барды. Шынымды айтсам, әкеммен жасты адамнан ондайды ешқашан күтпеген едім. Жұмыстан шығып, түнімен ойланып, "бұлай жұмыс істегенімше, өлгенім артық" деген шешімге келдім. Ақыры бала күнгі арманыма қолды бір-ақ сілтеп, шаштараз курсына барып, қазір сән салонында жұмыс істеп жатырмын", - дейді бойжеткен.

Бұрынғы медбике сондай-ақ Астананың дәрігерлері қатты, суық келетінін айтады.

"Бәрі Шымкент, Алматы жақта денсаулық сақтау саласы құлдырап барады, дәрігерлер тек ақшамен қабылдайды деп жатады. Мен оған келіспес едім. Астананың да дәрігерлері оңып тұрған жоқ. Ауырып, әрең келіп тұрған адамға "Мен қабылдайтын уақыт бітті, қайта беріңіз" деп айтуы мүмкін.
Мүмкін бәрі бірдей ондай емес шығар, бірақ солтүстіктің, осы Астананың дәрігерлері суық, қатты болады десем қателеспес едім.
Қазір енді шаш қию өнерін үйреніп алып, кейін бет әрлеу жағын меңгеріп алсам ба деп жүрмін. Ал медициналық қызметке әлгіндей сөздерден кейін, барып, жұмыс істеудің өзіне қорқақтап қалдым. Одан да өзім үшін жұмыс істеп, болашақта жеке кәсіппен айналысқаным дұрыс болатын шығар", - деп әңгімесін аяқтады бойжеткен.
Сіздің реакцияңыз
7
7
0
5
0
13
1
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel