RU
Шымкентте үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті (фото)
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкентте үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам ауруханаға түсті (фото)

Рассказать Вконтакте

Шымкентте тұрғын үйлердің бірінде жарылыс болып, екі адам зардап шеккен. Ауруханаға шұғыл жеткізілген тұрғындарға ота жасалған. Қазіргі уақытта полиция қандай заттың жарылғанын анықтауда деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Фото: Sputnik / Дилара Иса

Фото: Sputnik / Дилара Иса

Жарылыс қаладағы Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған. Осы ауданның тұрғындары таңғы сағат 10:30 кезінде қатты жарылыстың дыбысын естіген.

Фото: Sputnik / Дилара Иса

Фото: Sputnik / Дилара Иса

"Қатты қорқып кеттік. Үйдің жан-жағын жарты сағаттың ішінде полиция қоршауға алды", - дейді тұрғындардың бірі Салима Өскенбаева.

Таңғы сағат 11:00-ден бері оқиға орнында полицейлер, төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері мен әскерилер жұмыс істеп жатыр.

Фото: Sputnik / Дилара Иса

Фото: Sputnik / Дилара Иса

Айта кетейік, жарылыс болған үйде жас отбасы үш баласымен бірге тұрған. Таңертең әйелі жұмысқа кеткен. Ал екі бала балабақшада, біреуі мектепте болған.

Отағасы үйде жалғыз қалған екен. Жарылыс кезінде зардап шеккен екінші адамның кім екені әзірге белгісіз.

Қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, жансақтау бөліміне түскен екі адамға ота жасалған.

Тағы да оқыңыздар
Жүктеу...
Пікір
Mailfire view pixel