RU
Смайылов әр балаға 20 мың теңгеден беру керек деген талап қаралып жатқанын айтты
Жаңалықтар Қоғам

Смайылов әр балаға 20 мың теңгеден беру керек деген талап қаралып жатқанын айтты

Рассказать Вконтакте

Қаржы министрі Әлихан Смайылов көп балалы аналардың жәрдемақысын көтеру мәселесін қарастырып жатқан арнайы жұмыс тобы құрылғандығын мәлімдеді. Министрдің сөзінше, алдағы уақытта елімізде балаларға берілетін жәрдемақының берілу уақыты да өзгеруі мүмкін деп жазады NUR.KZ.

Әлихан Смайылов. Фото: abctv.kz

Әлихан Смайылов. Фото: abctv.kz

Қаржы министрі Әлихан Смайылов Астанадағы бес баланың өлімінен кейін, жаппай нарызылықтарын білдірген көп балалы аналар мәселесі жайлы айтты.

Министрдің сөзінше аналардың әр балаға берілетін жәрдемақы көлемін – "20 мың теңгеге дейін көбейту керек" деген талабын орындауға болады екен.

"Қазіргі таңда осы мәселелер арнайы құрылған жұмыс тобымен қарастырылып жатыр. Бұл жерде балаларға берілетін жәрдемақыны бір жылға дейін ғана емес, одан көп мерзімге ұзарту мәселесі қарастырылып жатыр. Сонымен бірге берілетін жәрдемақы көлемін арттыру мәселесі де қарастырылуда", - деді Смайылов.

Министрден журналистердің бірі "Бас қаржыгер ретінде айтыңызшы? Бұл талап орындалуы мүмкін бе?", - деген сауалға "Иә орындауға болады және біз осы мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз. Әзірге қандай да бір нақты мөлшерді айта алмаймын, бірақ бұл талап орындалуы әбден мүмкін. Мәселе әлі де қаралу үстінде", - деді министр.

Еске сала кетейік, Астанада 4 ақпанда тілсіз жаудың құрсауында қалған жер үйде 5 бала қаза болды.

Аталмыш жағдайдан кейін елдің түрлі аймақтарында көп балалар аналар әкімдікпен кездесу өткізіп, жанайқайларын жеткізген еді.

Сіздің реакцияңыз
4
0
5
0
5
9
13
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel