RU

Алматыда шынжырға байланып тұрған аю видеоға түсіп қалды (фото)

Аlmaty_brothers парақшасында шынжырға байланған аюдың видеосы таралып кетті. Алматының қақ ортасынан қоңыр аюды көрген көпшілік бейнежазбаны қызу талқыға салды деп жазады NUR.KZ.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Видеодадан мұрындығы бар, шынжырға байланған аюды көруге болады.

Видео авторларының айтуынша, олар бұл сәтті Алматыда түсіріп алыпты.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Tengrinews.kz агенттінің мәліметінше, аюды таза ауамен тыныстау үшін сыртқа алып шыққан.

Жануардың есімі - Афанасий.

Фото: Видеодан кадр
Фото: Видеодан кадр: UGC

Анықталғандай, қоңыр аю мәскеу циркінің жануары.

Видео түсірілген уақытта жануарды үйретуші мекеменің бұрышында тұрған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/1778004-almatyda-synzyrga-bajlanyp-trgan-au-videoga-tsip-kaldy-foto.html