RU
Шымкенттегі жарылыс: Зардап шеккен жігіттің сол аяғы мен қолын кесіп тастаған
Жаңалықтар Оқыс оқиғалар

Шымкенттегі жарылыс: Зардап шеккен жігіттің сол аяғы мен қолын кесіп тастаған

Рассказать Вконтакте

Шымкентте Еңбекші ауданы Забадам шағын ауданында бүгін жарылыс болды. Елдімекендегі жеке тұрғын үйде таңертең болған жарылыстан екі жігіт зардап шеккен. Екеуі де Шымкент қалалық бірінші ауруханада жансақтау бөлімінде жатыр деп хабарлайды өңірдегі NUR.KZ тілшісі.

Көрнекі фото: onlineua.club

Көрнекі фото: onlineua.club

Жарылыс болған үйдің айналасын таңнан бері құзырлы орган өкілдері қоршауға алып, тексеру жүріп жатыр.

Төтенше жағдайлар департаменті, медициналық қызмет өкілдері мен әскерилер де жүр мұнда.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, жарылыс болған үйде үш балалы жас отбасы тұрған. Жарылыс балалар мектеп пен балабақшаға, әйелі жұмысқа кеткен кезде болыпты

Шымкенттегі №1 қалалық ауруxананың жансақтау бөліміне жеткізілген 1984 жылы туған азаматтың сол аяғы мен сол қолын орта бөлігінен кесуге мәжбүр болған.

"Қазір науқастың жағдайы өте ауыр. Қажеттіем домын жасап жатырмыз. 1998 жылы туған науқастың жағдайы да ауыр. Сол аяғының ашық сынығы мен аяғы жыртылған. Ол да жансақтау бөлімінде ем алуды жалғастырады", - деді аурухананың бөлім меңгерушісі Сәкен Байбосынов.

Шымкент қалалық полиция департаменті жарылыстың себебі анықталып жатқанын айтады.

Сіздің реакцияңыз
0
0
1
9
0
0
0
Спасибо за Ваше мнение Вы уже голосовали
Тағы да оқыңыздар
Пікір
Mailfire view pixel